Форма обратной связи
Вопрос врачу
Анализ крови на дому
- закажите выезд лаборатории
Купить АБОНЕМЕНТ
Записаться на прием к кмн из Москвы
Консультация врача с УЗДГ вен нижних конечностей
Записаться на ОНЛАЙН-консультацию к кмн из Москвы
Консультация врача без УЗИ вен
Купи СЕРТИФИКАТ "Супер - АКЦИЯ"
ПОЛУЧИ ДО 70% СКИДКИ!
В ТЕЧЕНИЕ ЦЕЛОГО МЕСЯЦА!
Стоимость сертификата: 5000 тенге
и пройди КОМПЛЕКС УСЛУГ
стоимостью 16000 тенге - за 5000 тг.!
(стоимость сертификата)
Ақылы медициналық көмек көрсетуге арналған
жария шарты
Алматы қ.
2017 ж. «20» Желтоқсан
Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін, ЭВЛА-МЕД» (ЭВЛА-МЕД) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Орындаушы басты директорының атынан М.М.Атыкаева бұдан әрі «Емделуші» деп аталатын шектеусіз тұлғалармен ақылы медициналық қызмет көрсету туралы келесідей талаптармен осы Жария шартын жасасып отыр:

1. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТҮРЛЕРІ, КӨЛЕМІ, МЕРЗІМІ, ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

1.1. Шарт бойынша Орындаушы Емделушінің тапсырмасы бойынша Емделушіден алынған биоматериалды зертханалық зерттеу жолымен (бұдан әрі – Қызмет) бір реттік ақылы медициналық қызмет көрсетуге және оның нәтижесін Емделушіге белгіленген мерзімде тапсыруға, ал Емделуші осы Қызметті қабылдап және төлем жасауға міндеттенеді.

1.2. Емделушінің Қызмет көрсетуге тапсырысы Қызмет көрсету мерзімі, көлемі, түрі, бірлікке арналған бағасы мен жалпы бағасы Емделуші мен Орындаушының биоматериалдарын зертханалық зерттеу Өтінімінде (бұдан әрі - Өтінім) келісілген.
Өтінімге қол қойылғаннан кейін Қызмет көрсету мерзімі Орындаушының Емделушіден биоматериалдарды алған сәтінен бастап саналады.

1.3. Өтінімге қол қоя отырып, Емделуші Шарт жасасу үшін толық және сенімді ақпарат алғандығын және Өтінімде көрсетілген жағдайда Қызмет көрсетуге өз келісімін бергендігін, сонымен қатар Емделушімен қол қойылған Өтініммен бірге
орналастырылған көрнекілік ақпараттар арқылы Емделуші танысқан зертханалық зерттеуге дайындалған ережелерді Емделушімен сақтай отырып және/немесе қолданстағы процедураларға сай Емделушімен жинақталғандығын дәлелдейді.
Емделушінің кінәсі бойынша туындаған Өтінімді орындаудың мүмкін болмаған жағдайында, оның ішінде Емделушінің бекітілген процедураларды бұзумен жиналған биоматериалды ұсынуы және/немесе Емделушінің зертханалық зерттеуге дайындалу ережесін сақтамаған жағдайында Қызмет толық көлемде төленуге жатады және Орындаушы осындай биоматериалдармен көрсетілген Қызмет сапасы үшін жауапкершілік алмайды.

1.4. Қызмет Емделуші Өтінімге қол қойған сәтінен бастап, алдын ала 100% (жүз пайыз) төлем жасаған жағдайда қызмет көрсетуге жатады. Орындаушының Қызмет көрсету бағасы және мерзімі көрсетілген баға көрсеткішімен Емделуші Өтінімге қол қойғанға дейін Емделушінің Өтінімге қол қою орнында орналастырылған көрнекілік ақпараттары арқылы таныстырылды.

1.5. Өтінімге қол қоя отырып, Емделуші Шартты орындауға басқа тұлғаларды (бірлесіп орындаушы) Орындаушымен тартуға келісімін береді, сонымен қатар Орындаушымен қолданылатын автоматтандырылған деректер көздерінде Қызмет көрсетуге қатысты болатын дербестендірілген сипаттағы Емделуші туралы ақпаратты, сонымен қатар осындай дерек көздерін, басқа дерек көздерімен байланыстыратын жүйеге қосуға рұқсат беруіне рұқсат береді.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Орындаушы Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы. Орындаушы Қызмет көрсету мерзімін Орындаушыға қатысты болмайтын жағдайларға байланысты, оның ішінде егер бұл зертханалық зерттеулердің күдікті нәтижесімен негізделсе, сонымен қатар үшінші тұлғаның әрекет ету (әрекет етпеу) жағдайы бойынша ұзартуға құқылы.

2.2. Орындаушы Қызметті Шартқа және Орындаушының қызметінде қолданылатын денсаулық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес және осындай Қызмет сияқты нәтижелерге әдетте ұсынылатын стандарттарға сәйкес көрсетуге міндеттенеді.

2.3. Емделуші міндетті:
2.3.1. Қызмет көрсетіле бастағанға дейін Орындаушыға Қызмет көрсетуге қажетті барлық ақпараттарды, оның ішінде медициналық дәрі-дәрмектерді қабылдау, Қызмет көрсетуге әсер етуі мүмкін жеке ерекшеліктері немесе оның нәтижелері туралы ескертуі тиіс, Өтінімге қол қойылғаннан кейін Орындаушының Қызмет көрсетумен байланысты болатын барлық ұйғарымдарын орындауға;

2.3.2. Орындаушыға өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігі, төлқұжаты, ықтияр хаты, тууы туралы куәлік және т.б.) ұсынуға және ұсынылған құжаттағы мәліметтер Емделушінің төлқұжат деректеріне нақты сәйкес келетіндігі туралы мәлімет үшін жеке жауапкершілікте болуға;

2.3.3. Орындаушымен бекітілген тәртіпті, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және Орындаушының мүлкіне ұқыпты қарауға, Қызмет көрсету кезінде Орындаушының қызметкерімен бірлесе жұмыс істеуге;

2.3.4. Басқа емделушілердің құқығын бұзатын істерге бармауға.

2.4. Емделуші өзінің немесе оның заңды өкілі болып табылатын тұлғаның биоматериалын өткізу кезінде, Өтінімде Орындаушы Қызмет көрсетуге байланысты дәрігерлік құпия болып табылатын ақпараттарды беруге құқылы тұлғаны анықтауға құқылы.

2.5. Емделуші Өтінім берген сәтте ұялы телефон (мобильді терминал) номірін ұсынып және осыған Орындаушыдан SMS- ескерту қағазы, соның ішінде Орындаушымен өткізілетін акциялары туралы ақпараттармен, Өтінімнің орындалуы туралы ескерту қағаздар алуға сөзсіз келісімі айқындалып, қажетті уәкілеттік бар екендігіне кепілдік береді.

2.6. Орындаушы уәкілетті органдармен қойылған үлгілер бойынша Қызмет көрсету кезінде есептік және есеп беру құжаттамаларын жүргізуді жүзеге асырады. Қызмет көрсету аяқталар кезде Орындаушы Қызмет көрсету нәтижесін тапсырады, ал Емделуші Орындаушының қабылдау бөлімшелерінде уәкілетті органдармен белгіленген түрде есептік құжаттаманы алады. Емделушінің сұранысы бойынша Қызмет көрсету нәтижесі басқа түрде және басқа әдіспен, соның ішінде көшірмелік байланыс қондырғыларымен, электронды пошта немесе Орындалушымен ұсынылған басқа әдіспен
Емделушінің таңдауы бойынша ұсынылуы мүмкін. Емделушіні сәйкестендіру үшін өз сұранысында басқаша түрде немесе басқа әдіспен көрсетілген Қызмет нәтижесін жеткізуде Емделуші Орындаушыға өз Өтінімінің кодын- соңғы төрт сандық жасырын – кодын Өтінімде көрсетілген, немесе жасырын сөзді хабарлауы тиіс. Тиісті сұранымды жолдай отырып, Емделуші еркімен және Емделушімен таңдалған үлгі және әдісімен Орындаушы ұсынған Қызмет көрсету нәтижесін алуға келіскендігін айқындайды. Осындай үлгіде және осындай әдіспен көрсетілген Қызметті Емделушіге ұсынғанын, қажетті сұранысын жіберіп және Өтінімге қол қоя отырып үшінші тұлғаның (сонымен бірге байланыс операторлары) қатысқанын талап еткенін ескере отырып Емделуші осымен өзінің еріктілігін білдіріп, жекелей сипаттағы автоматтандырылған дерекқорларына осындай ақпараттарды қосуға, үшінші тұлғаны қосу арқылы оның нәтижелерін ұсыну және Қызмет көрсетумен байланысты ақпараттарды беруге және осындай үшінші тұлғаның олармен дерекқорларымен байланыстыратын жүйелерге қосуға
келісімін білдіреді. Қызмет көрсету нәтижелерін Емделушіге ұсынудың кейбір үлгілері мен әдістері қосымша төлемдер жасау арқылы жүзеге асырылып, Емделушіге Қызмет көрсету нәтижелерін бергенге дейін төлем мөлшері мен шарттары туралы алдын-ала ескертіледі.

2.7. Емделуші көрсетілген Қызмет нәтижесін қабылдау барысында анықталған кемшіліктер туралы Орындаушыға шұғыл түрде хабарлайды. Егер Емделуші көрсетілген Қызмет нәтижесін қабылдау барысында Орындаушыға қандайда бір реніштерін білдірмеген, немесе Қызмет көрсету аяқталуы жөніндегі негізсіз себептер бойынша көрсетілген Қызмет нәтижесін қабылдамаған, көрсетілген Қызмет нәтижесі Емделушімен қандайда-бір кемшіліктер мен қарсылықтар болмаған жағдайда Қызмет көрсетілді деп есептеледі.

2.8. Емделушінің Өтінімді ресімдегеннен және биоматериалды алғаннан кейін Қызметтен бас тартқан жағдайында, Емделуші орындаушыға нақты келтірілген шығындарды төлеуге міндетті, шығын мөлшерін Орындаушы анықтайды және Емделушінің Қызметтен бас тартуы туралы хабарлама алынған сәтте Орындаушымен жасалған шығындарға, оның ішінде пайдаланған ресурстар, реагенттер, шығыс материалдары және т.б. байланысты болады. Емделуші қызмет көрсету аяқталғаннан кейін Қызметтен бас тартатын болса, тараптардың келісімімен белгіленген немесе тиісті сараптама жүргізумен дәлелдеменің
болуы кезінде жүзеге асырылады.

2.9.Сараптамалық актімен дәлелденіп, Орындаушының сапасыз Қызмет көрсеткен жағдайында, Емделушінің таңдауы бойынша: Тараптар көрсетілген Қызмет ақысын тиісінше азайтуға немесе Орындаушы Қызметті қайталап көрсетуге келіседі, немесе Орындаушы Шарт бойынша сапасыз көрсетілген Қызмет үшін алынған шығындарды қайтарады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

3.1. Қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылғаны, сонымен қатар Қызметтердің кемшіліктерін жою мерзімінің бұзылғаны үшін, Орындаушы Емделушінің талабы бойынша ондай Қызметтер құнынан 0,1 % (оннан бір пайыз) көлемінде әрбір кешіккен
күнге, бірақ ондай Қызмет құнынан 3%-дан кем емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

3.2. Тиісті тараптан шағымдарды алған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде келіссөздер арқылы дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, ондай даулар Алматы қаласының сотында қарауға беріледі.

3.3. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес талқыланады және реттеледі.

3.4. Шарт Емделушінің өтінімге қол қойған сәтінен және Қызметті төлегеннен бастап өз күшіне енеді, бұл Шарт талаптарын Емделуші толық және сөзсіз қабылданғаны туралы куәландырады және Тараптармен өздеріне алынған міндеттерді толық орындағанға дейін әрекет етеді.

4. ТАРАПТАР ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

4.1. Тараптар Емделушінің деректемелерімен Өтінімді рәсімдеу кезінде олар көрсеткен ақпаратты оқуға сөзсіз келіседі.

4.2. Орындаушының деректемелері: «ЭВЛА-МЕД» (ЭВЛА-МЕД) ЖШС 050008, Алматы қ., Миасская к-сі, 2 Б, БИН 190540010696, KZ91914002203KZ00BJ0, БИК SABRKZKA, ДБ АО «Сбербанк», Тел.+7 727 327 08 22, evla-med@mail.ru
Made on
Tilda